Ақжүрек Таңатаров жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

82

gov.kz

https://turkystan.kz/article/265861-aqzurek-tanatarov-zana-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy
Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жиында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №7 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасына келісім берді.

Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265861-aqzurek-tanatarov-zana-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.