Ақтөбедегі ана мен бала өлімі: күдікті кім екені белгілі болды

136

Ақтөбеде ана мен баланың өліміне қатысы бар 23 жастағы күдікті кінәсін мойындады деп хабарлады turkystan.kz.

«Хабар-24»-тің мәліметінше, полицейлер қаладағы бақылау камераларының көмегімен жергілікті тұрғынды анықтаған.

Бұрын сотталмаған тұлғаның бұл әрекетке тонау үшін барғандығы мәлім болды. Тәртіп сақшылары қылмыскердің екінші қабатта ашық тұрған балкон есігінен кіргенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, оқиға 29 наурызда болған. Қылмыскер 35 жастағы әйел адам мен оның 16 жастағы баласын өз үйінде пышақтап кеткен. 13 жасар қыз баланың да мойнына бірнеше мәрте пышақ сұққан. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

 «Осы қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы тұрғын ұсталды. Ол қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып, қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – деді облыстық ПД криминалдық Полиция басқармасының бастығы Мұрат Ауғалиев.

https://turkystan.kz/article/219562-aktobedegi-ana-men-bala-olimi-kudikti-kim-ekeni-belgili-boldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.