Ақтөбеде жоғалып кеткен екі қыз Алматыда табылды. Қыздар туыстарына ескертпей үйден шығып кеткендерін айтты деп хабарлады turkystan.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
«14 наурыз күні полицияға 19 және 20 жастағы екі қыздың туыстары хабар-ошарсыз кету туралы арызданды. Туыстарының айтуынша, қыздар үйден шығып, қайтып оралмаған, телефон қоңырауларына жауап бермеген. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізді, нәтижесінде жоғалған қыздардың Ақтау қаласында көргені туралы ақпарат келіп түсті, бірақ оларды сол жерден таба алмаған. Екі аптадан кейін қыздар Алматы қаласында табылды, олар полиция бөліміне жеткізілді», – делінген хабарламада.
Қыздар туыстарын ескертпей жай серуендеуге шешім қабылдағанын түсіндірді.
https://turkystan.kz/article/218281-aktobede-zhogalyp-ketken-eki-kyz-tabyldy/