Ақтөбеде жерді заңсыз берген бірнеше лауазымды қызметкер тергеліп жатыр

105

«Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ның лауазымды қызметкері инвестициялық жоба деп сылтауратып, жер телімін арзанға бағалаған. Келтірілген шығын 400 млн теңгені құрайды. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыс және қала әкімдігі басшыларының, қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Бұл сала әлі де жемқорлыққа бейім болып тұр.

«Экология, жол, құрылыспен қатар жер қатытастары сұрағы өзекті. Әлі де жер учаскесін бөлу кезінде ашықтық сақталмайды. Жер телімінің мақсатын өзгерту кезінде де қитұрқы әрекеттер тіркеледі. Коммерциялық жер телімдері дұрыс бөліндеген. Департамент «Ақтөбе» ӘКК» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты істі қарап жатыр. Олар инвестициялық жоба деп жерді төмен бағаға беріп жіберген. Мемлекетке келтірілген шығын 400 млн теңгеден асады. Қазіргі кезде 169 жер телімі бұғатталды. Сонымен бірге кәсіпкерлерді албап-арбап 1,3 млн теңге ақша алған қалалық әкімдік қызметкері де анықталды. Ол іске де қатысты тергеу жалғасады. Сонымен бірге биыл облыстағы аудандардың бірінде жер қатынастарына жауапты маман кәсіпкерден пара алған. Ол кәсіпкерге жер телімін беруге уәде еткен. Сонымен бірге қалалық жер қатынастар бөлімінің лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол су қорғау аумағындағы жерді жекеге беріп жіберген», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев.

https://turkystan.kz/article/200022-aktobede-zherdi-zansyz-bergen-birneshe-lauazymdy-kyzmetker-tergelip-zhatyr/

Leave A Reply

Your email address will not be published.