Ақтөбеде ломбардты тонаған қарақшы видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

70

Ақтөбе полицейлері микроқаржы ұйымына жасалған қарақшылық шабуылды ашты

15 қыркүйек күні кешкі уақытта ломбард ғимаратына медициналық бетперде мен көзілдірік киген белгісіз адам кірген. Ол тапаншаға ұқсас затпен кассадан 1 млн теңге сомасында ақша қаражатын ашық ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткен.

«Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады», – делінген ІІМ хабарламасында.

ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

https://turkystan.kz/article/233638-a-t-bede-lombardty-tona-an-ara-shy-video-a-t-sip-aldy-video

Leave A Reply

Your email address will not be published.