Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше зардап шеккен төрт адамның жағдайы тұрақты.
«Жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, одан кейін жалпы ауданы 31 шаршы метр үйдің 10 шаршы метр аумағында қабырғалар жартылай опырылып, шатырда өрт шықты. Соның салдарынан төрт адам күйік алды. Олардың жағдайлары тұрақты», — деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов.
Сонымен қатар ол құтқарушылардың үйден сыйымдылығы 50 литрлік толтырылған 2 тұрмыстық газ баллондарын шығарғанын айта кетті. Өрт сағат 13:30-да жалпы ауданы 15 шаршы метр аумақта сөндірілген. Газдың жарылу себебі анықталған.