Ақтөбе облысында 3 жасар бала жол апатынан қаза тапты

69

Ақтөбе облысында көлік аударылып, салдарынан оқиға орнында 3 жасар бала көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

8 желтоқсанда Самара – Шымкент автожолында Toyota Camry автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылы бағытында келе жатып, рөлді басқара алмай, жыраға аударылған.

ЖКО салдарынан жүргізуші Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілді. Ал 3 жасар бала алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.