Қалған екі жәбірленушінің жағдайы тұрақты, бірақ олар медициналық бақылауды қажет етеді
Ақтауда ұшақ апаты салдарынан ауыр жарақат алған 20 жастағы Ринат Асанов есін жиды.
Ulysmedia.kz мәліметінше, бір күн бұрын Ақтауға Ринат Асанның туыстары, сондай-ақ Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен медицина қызметкерлері келген.
Ал қалған екі жәбірленушінің жағдайы тұрақты, бірақ олар медициналық бақылауды қажет етеді.
Екі күннен бері Қырғызстан билігі ұшақты тасымалдауға дайындап, дәрігерлердің шешімін күтіп отыр. Ал кеше қазақстандық дәрігерлер Ринат Асановтың денсаулығына байланысты әзірге отанына орала алмайтынын айтып, тасымалдауға рұқсат берген жоқ еді.
Сондай-ақ Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған Қырғыз Республикасының азаматы болған оқиғаны айтып берді. Ол өзін құтқарғандар «қазақпыз» дегенде жылап жібергенін жеткізді.
фото: Қырғыз Республикасы ТЖМ
https://turkystan.kz/article/253898-aktauda-ushak-apatynan-zardap-shekken-20-zhastagy-kyrgyzstandyk-esin-zhidy