Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқан пилоттың қызы әкесіне жантебірентерлік жазба арнады

88

Ұшақ бортында 67 адам болған: бес экипаж мүшесі және 62 жолаушы

Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқан пилоттың қызы әкесіне жантебірентерлік жазба арнады

Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Актаудағы әуе апатында қаза тапқан ұшқышы Игорь Кшнякиннің қызы әкесіне арналған әсерлі жазбасын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Әке, сен менің батырымсың, әрдайым жүрегімде қаласың. Ондаған адамның өмірін құтқару үшін бар күшіңді салып, өз өміріңді қидың. Сен өте мықтысың, мен әрқашан осындай әкем бар екеніне мақтанамын. Сен өте көңілді едің, біз үшін бәрін жасайтынсың, бізді бақытты қылғың келетін. Ең керемет әке! Сен жәннатта боласың деп үміттенемін,” – деп жазды қыз.

Айта кетейік, Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы Баку – Грозный бағыты бойынша рейс орындап келе жатып, 25 желтоқсан күні Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған: бес экипаж мүшесі және 62 жолаушы. Әуе апаты салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды.

фото: minval.az

https://turkystan.kz/article/253863-aktauda-ushak-apatynan-kaza-tapkan-pilottyn-kyzy-kesine-zhantebirenterlik-zhazba-arnady

Leave A Reply

Your email address will not be published.