Ақтауда науқас аурухананың екінші қабатынан құлап кетті

76

Ақтауда аурухананың екінші қабатынан 54 жастағы пациент құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық көпбейінді аурухананың 2-қабатынан құлаған 54 жастағы бейнеулік 6 наурыз күні травмотология бөліміне түскен. Дәрігерлер тексерген кезде сол жақ шынтағының шыққанын анықтап, салып береді.

Ал жоспарлы ота 10 наурызға қойылған. Алайда науқас таңертеңгі 07:15-те травмотология бөлімінің терезесін сындырып, 2-қабаттан құлап түседі.

Науқастың оң жамбас сүйегі сынып, қазір реанимацияда жатыр. Жағдайы – тұрақты ауыр. Ал ертең сол шынтағы мен оң жамбасына операция жасалады деп жоспарланған.

«Есін біледі, сұрақтарға жауап береді. Бірақ науқас құлауының себебін айтпайды. Қазір жалпы жансақтау бөлімінде жатыр. Ол 3-4 метр биіктіктен құлаған. Кезекші травмотолог, реаниматолог, қосымша дәрігерлер дер кезінде көмек көрсеткен», – дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының травмотология бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.