Ақтауда бірнеше иттің өлексесі табылуына қатысты қызметтік тексеріс басталды

83

Ақтауда бірнеше иттің өлексесі табылуына қатысты қызметтік тексеріс басталды деп хабарлады Turkystan.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарақия ойпатында иттердің өлекселері табылуына қатысты Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылық басқармасы түсініктеме берді.

«Оқиға орнына басқарма басшысы орынбасарының жетекшілігімен арнайы комиссия барып, істің мән-жайымен танысты. Өлекселерді жою жұмыстары жүргізіледі. Бейнежазбада баяндалған деректің дәйектілігі дәлелденген жағдайда бұған жол берген жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шара қолданылады. Өзге ақпарат жуырда жария етіледі», – деп хабарлады басқарма.

Басқарманың баспасөз қызметі қазіргі таңда арнайы комиссия өкілдері оқиға орнында зерделеу, анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқандығын мәлімдеді.

https://turkystan.kz/article/211840-aktauda-birneshe-ittin-oleksesi-tabyluyna-katysty-kyzmettik-tekseris-bastaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.