O Globo газеті ведомствоның Қазақстан билігіне тиісті ақпаратты жіберіп қойғанын жазып отыр
Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясы ұшағының өздігінен жазғыш құралдарын (қара жәшіктер) зерттеуді аяқтады.
Kazinform.kz мәліметінше, осы жайында бразилиялық G1 порталына аталған ведомстводан хабарлаған.
Ұшақтағы өздігінен жазғыш екі құралдағы деректерді жинақтау және тексеру жұмыстары аяқталды, — делінген ақпаратта.
Сонымен бірге O Globo газеті ведомствоның Қазақстан билігіне тиісті ақпаратты жіберіп қойғанын жазып отыр.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған.
фото: ТЖМ
https://turkystan.kz/article/254234-aktauda-apatka-ushyragan-ushaktyn-kara-zh-shikteri-zertteldi