АҚШ-та Әнұранымызды шырқаған Димаш шетелдік БАҚ назарында

107

Шетелдік БАҚ отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегіндегі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнерін назардан тыс қалдырмады деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтті және 12 раундқа созылды. Шетелдік көрермен мен желі қолданушылары Димаштың орындауындағы Қазақстан Әнұранына тәнті болып, оның өнерінен кейінгі әсерлерімен бөлісті.

Мексикалық TUDN порталы «Канело – GGG: Қазақстан Әнұранын кім шырқады» деген мақала жариялады. Мақала авторлары қазақстандық әншінің өнерінен кейін, Twitter желісінде мексикалықтар арасында жаңа тренд пайда болғанын атап өтті. Портал мексикалық желі қолданушылары Димаштың өнеріне тәнті болғанын атап өтті.

Димаш

Испанияның белгілі Marca спорт басылымы «Димаш Құдайберген Қазақстан Әнұранын әсерлі орындап шықты» деген мақала жариялады. Олар әншінің дауысы аренаға жиналғандардың бәрін таңғалдырғанын атап өтті. Портал ән орындалған соң бәрі өнер иесіне ду қол шапалақ ұрғанын жазады.

Димаш

Тағы бір мексикалық портал – AS México да қазақстандық әншінің жарқын өнерін атап өтіп, оның шығармашылығын қысқаша өмірбаянымен таныстырып өткен.

АҚШ-та Әнұранымызды шырқаған Димаш шетелдік БАҚ назарында

Mexico ES Euro News порталы Димаш Құдайберген Әнұранды орындап, барша көрерменді таңғалдырды деп жазады. Мақала авторлары әншінің ерекше дауыс тембрімен танылып, түрлі вокалдық байқауларға қатысқанын атап өтті. Мақала соңында Қазақстан Әнұранының испан тіліне аудармасы ұсынылған.

Димаш

ESPN Knockout спорт порталы Twitter-парақшасында Әнұран орындап жатқан әншінің суретін жариялаған.

SportsCenter спорт порталы да қазақстандық өнерпаздың өнерін назардан тыс қалдырмады.

Айта кетейік, қазақстандық әншінің өнерін желі қолданушылары да қызу талқылап, Twitter-де өз реакциясын қалдырып жатыр. Сонымен, аргентиналық қолданушылардың бірі Димаштың өнеріне қатысты былай деп пікір білдірген.

Керемет, таңғаларлық, сиқырлы. Ол әлемдегі ең жақсы әнші!!!! Димашқа бола Аргентинадан жекпе-жекті көрдім және соның арқасында GGG чемпионымен таныстым, – дейді қолданушы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.