АҚШ доллары 380 теңгеге дейін қымбаттады

623

KASE қор биржасының кешегі бағамы бойынша  ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 372 теңгені құраған. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 76,42 доллар болды.

Қаржыгер Ілияс Исаевтың айтуынша, теңгенің синхрон­ды түрде құн­сыздануы қалыпты нәр­се.

– Қазақстанның сауда-сат­­тық саласындағы басты әріп­­те­сі — Ресей. Шет мемлекеттерден елі­­мізге тасымалданатын тауар­­лар­дың 30 проценттен астамы осы елдің үлесінде. Екінші орын­­да – Қытай, одан кейінгі орын Еу­ропа елдері мен АҚШ-қа тие­­сілі. Басты әріптесіміздің валю­тасы құнсызданған кезде біз­дің теңгеміздің де синхрон­ды түрде құн­сыздануы қалыпты нәр­се. Олай болмаған жағдайда екі ел­дің ара­сындағы импорттық-экс­порт­тық паритет бұзылады. Сауда­дағы па­ритет бұзылса, біз ұты­ламыз, – дейді маман.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.