АҚШ азаматы қазақ тілін Ninety one әндерінен үйренген

255

АҚШ-тың Эван Аллен атты азаматы Ninety One тобының өнеріне тәнті болғаны соншалық, қазақ тілін үйреніп алған деп хабарлады turkystan.kz.

Эван Аллен Тараздағы университеттердің бірінде ағылшын тілінен сабақ береді. Ол орыс тілін мүлде білмейтінін, сондықтан қазақ тілін үйренуге дереккөз табу қиын болғанын айтты.

Ninety one тобын тапқан кезде қатты қуандым. Мен олардың әндерінен тілді үйрене бастадым, сөздер мен интонацияларды қайталай бастадым. Қазақ тілін үйренуге көп уақыт жұмсадым.

Өткен айда олардың Астанадағы жеке концертіне бардым. Онда болғаныма өте қуаныштымын. Бір күні топпен кездесіп, оларға жеке алғыс айтамын деп ойлаймын, – деді Эван.

https://turkystan.kz/article/211834-ush-kun-toktausyz-zhaugan-noserden-4-adam-kaza-tapty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.