«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бірқатар өңірде жол жабылғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1353 шақырым аралығында, Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген.
Оған себеп – қалың тұман мен көрінудің шектелуі.
Сондай-ақ осы өңірде «Астана-Қорғалжын» тасжолының 19-124 шақырымында да көлік жүруіне тыйым салынды.
Қарағанды облысында да Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласында дейінгі жолда көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Бұл – «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1425 шақырым аралығындағы учаске.