Ақмола облысындағы әуе апатынан кейін АН-2 ұшақтары түгел тексерілмек

107

Фото сюжет кадрларынан

Министрліктің мәліметінше, мұндай шағын әуе көліктері көктем-жаз мезгілінде авиациялық жұмыстарға тартылады.

Сол себептен азаматтық авиация комитетінің өкілдері осындай апаттарға жол берген компанияларға жазаны күшейтпек. Нақтырақ айтсақ, заң талаптарын бұзған компания қызметі тоқтатылады немесе әуе кемелерінің ұшу сертификаттарының жарамдылық мерзімі жойылады.



“АН-2 ұшағына қатысты орын алған оқиға бойынша көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссияны құрды. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері жедел түрде авиациялық оқиға орнына жіберілді. Тергеудің бірінші кезеңі басталды. Жалпы заң аясында тергеу жұмыстары 3 ай ішінде жүргізіледі”,- деді ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Еске салсақ, Ақмола облысында Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағынан өрт шығып, апатқа ұшырағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

https://stan.kz/akmola-oblisindagi-aue-apatinan-keyin-an-2-yshaktari-tu-403640/

Leave A Reply

Your email address will not be published.