Ақмола облысының Атбасар ауданында тексерілмеген ондаған тонна зертханалық ет сөреге шыққан. Бұл туралы прокуратура Атбасар қаласындағы мал сою пунктінің ветеринарлық зертханасын тексергеннен кейін белгілі болды.
“Ветеринария саласында қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиясы бар жергілікті кәсіпкер зертханалық зерттеулер жүргізбей ішкі сауда нысандарында және басқа да орындарда сатылатын ет шикізатының сәйкестігіне ветеринарлық анықтамалар берген. Небәрі 3 жылдың ішінде оларға 850 сертификат берілді”, – деді Ақмола облысы прокуратурасының прокуроры Меруерт Байболова.
Ветеринария басқармасы тексерудің егжей-тегжейін хабарлады. Белгілі болғандай, зертханалық құрал-жабдықтар талапқа сай емес, дозиметр жұмыс істемей, реактивтердің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен.
“Ветеринариялық-санитарлық сараптама толық жүргізілмеген. Ол тек органолептикалық жолмен жүргізілден. Бірақ зертханалық зерттеулер жүргізілмеген. Өйткені ерітінділердің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен…”, – деді Ақмола облысы ветеринария басқармасының лицензиялау және шығындарды өтеу бөлімінің бас маманы Марат Қапаров.
Кәсіпкердің лицензиясы алты айға тоқтатылды.
«Бәсекелестік жағдайында жеке саудагерлерге беріп, мемлекеттік жергілікті атқарушы органдардың ықпалын жойғандықтан, бұл жерде сыбайлас жемқорлық қаупі бар. Ұлт денсаулығына қатысты кез келген нәрсе әлі де мемлекеттік реттеуді қажет етеді”, – деді «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Игорь Плуснин.
Қоғам белсенділері бұл оқиғаны бизнесті тексеруге жарияланған мораторийдің салдары деп санап, мұндай фактілер кең етек алуы мүмкін деп қауіптенуде.
Ал дәрігерлер қазақстандықтарды мұқият болуға және етті тек сенімді дүкендерден сатып алуға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы мининстрі Ұлытау облысында мал қырылуына байланысты жылқы еті қымбаттай ма деген сұраққа жауап бергені туралы жазған едік.
https://stan.kz/akmola-oblisinda-tekserilmegen-ondagan-tonna-zerthanali-397564/