Ақкөлде қос азаматтықпен жүрген қызға елден қуылу немесе ірі көлемде айыппұл салу қаупі төніп тұр

138

кос азаматтык

Ресей азаматына қос азаматтығы үшін үлкен айыппұл салынады немесе елден шығарылуы мүмкін, дейді полиция.

Көші-қон заңнамасын бұзу дерегі 20 қаңтарда Ақкөл қаласында тіркелген. Көші-қон қызметінің қызметкерлері РФ-ның 23 жастағы азаматын анықтады. Ол үш жыл бойы іс жүзінде екі мемлекеттің – Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының азаматы болып келген.



«Мән-жайларды нақтылау кезінде полицейлер 2019 жылы Ресейге оқуға түскен қыз Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын, алайда қазақстандық заңнаманы бұза отырып, ҚР Ішкі істер органдарына немесе шетелдік мекемелеріне уақытылы хабарламағанын және Қазақстан азаматтығынан айырылу бойынша тиісті рәсімнен өтпегенін анықтады», — делінген полиция таратқан ақпаратта.

Шетелдікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалған. Санкцияға сәйкес, құқық бұзушыға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ҚР аумағынан шығарылып жіберіледі. Материалдар сотқа жолданды.

Өткен жылы көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтықтың 2760 фактісін анықтап, оның 47-сі ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылғаны атап өтіледі.

https://stan.kz/akkolde-kos-azamattikpen-zhurgen-kizga-elden-kuilu-neme-376509/

Leave A Reply

Your email address will not be published.