Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормасын қолдану жөнінде семинар өтті.

178
Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында Тараз қаласы, аудан әкімдігінің бөлімдері мен аппарат қызметкерлеріне арналған ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларын қолдану тәртібі, кодекстің талабы мен қағидаларын қатаң сақтау, орын алған кемшілікті талдау, олардың себеп-салдарын жою және алдын алу мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті.
Жиында Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Е.Байболат кіріспе сөз сөйлеп, семинар маңыздылығына тоқталды.
Жамбыл облысының ауданаралық мамандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Джасузаков әкімшілік істер қарау барысында анықталған кемшіліктер бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларын қолдану тәртібі туралы мағлұмат берді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, қарау және оларға талдау жүргізу мәселелері бойынша сөз алған Жамбыл облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Б.Молдашев салаға қатысты мамандарға жұмыс барысын түсіндіріп, дұрыс жасалған жұмыс жүйелі болатынын баса айтты.

Тараз қаласының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.