Әкім есебі қанағаттандырарлық деп бағаланды

381

Биназар ауылының клубына халық  көп жиналды. Мұнда алдымен округ әкімі Бағдат Наурызбаев, 2019 жылы округте атқарылған жұмыстарды жан-жақты айтып берді. Сондай-ақ ол биылғы жылы
атқарылатын жұмыстарға да тоқталды. Содан соң аудан әкімі Мәден Мұсаев өз есебін арнайы дайындалған слайд арқылы жеткізді.

– Ауылымызға су келмей, қу тақырға айналғанына жиырма жылдан асқан еді. Былтыр каналымыз тазаланып, егістікке де, ауыл іргесіндегі бақшаға да су келіп, қуантты. Шамамызға қарай егіс ектік, өнімі өте жоғары болды. Алайда, егін егуде сәл кешеуілдеп қалдық. Биыл былтырғы кемшілікті түзеп, қайта егіс көлемін ұлғайтатын боламыз.

Жастар былтыр судың келетініне сене қоймады. Енді көздері жетті. Егістік көлемін ұлғайтып, 82 аталатын алқапқа баратын канал бойына 2-3 су реттегіш құрылғы (шлюз) орнатылса деген тілек бар. Ауылға осындай жағдай жасаған аудан әкімі Мәден Мұсаевқа, ала-жаздай диқандар жанынан табылған ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қызыр Елеусізовке ауыл тұрғындары атынан алғыс айтамын. Округ әкімі Б.Наурызбаевта жақсы жұмыс жасады. Сондықтан да әкімдердің есебі қанағаттанарлық,- деді еңбек ардагері Болатбек Әбішев.

Бұдан кейін ауыл тұрғындары А.Зейнәділова, Е.Ошақбаев, Б.Исаев, М.Сүтенов, Қ.Төртбаев, Қ.Атаев, А.Қыбыраевтер сөз алып, ауыл, аудан әкімдерінің жұмыстарына ризашылық білдірді. Ауылда интернет желісінің жоқтығы, астық комбайнының қажеттігі, канал бойындағы су реттегіш
құрылғыларды (шлюз) жөндеу, кооператив, ауылдағы медициналық тіректің жұмысы туралы айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.