Ахметжанов Абылай Әзімханұлы Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы

227
Меркі ауданы әкімінің өкімімен Ахметжанов Абылай Әзімханұлы Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.⠀
Абылай Әзімханұлы 1980 жылы 4 қарашада Меркі ауданы, Кеңес ауылында туған.⠀
☑️Ол 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтаған.⠀
Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы Меркі аудандық қаржы бөлімінің есеп және есеп беру бөлімшесінің жетекші маманы болып бастаған.⠀
Әр жылдары Меркі аудандық қаржы бөлімінің бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу бөлімшесінің бас маманы, Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің бас инспектор-бас бухгалтері, аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.⠀
♦2021 жылдың желтоқсан айынан қазіргі уақытқа дейін Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.