АҚБАСТАУДА ҚОС ҚУАНЫШ

127
Бүгін Ақбастау ауылында тұратын тұрмысы төмен жас отбасына «Асарлатып үй салу» жобасы аясында жаңа тұрғын үйдің кілтін салтанатты түрде табыстадық.
⚜️Бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысына бүгінгі күнге 3,5 миллион теңге қаражат жұмсалды.
Көрсетілген қаражат ауыл тұрғындары мен жеке кәсіпкерлер тарапынан жиналды.
Тұрғын үйдің жалпы алаңы 72 шаршы метрді құрайды. Оның үш тұрғын, бір ас және бір жуынатын бөлмесі бар.
⚜️Баспаналы болған отбасын, тағы да қуанышымен құттықтаймын!
****
⚜️Әрі қарай Ақбастау ауылында орналасқан «Рысбек» спорт клубының ашылу салтанатына қатыстым.
⚜️Ақбастау ауылының тумасы, жеке кәсіпкер Жандос Баетов өз қаражаты есебінен ауылда бос тұрған ескі дүкен ғимаратын сатып алып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі уақытта үстел тенисі, бокс, күрес үйірмелері 50 балаға жүргізілуде.
⚜️Сонымен қатар спорт клубтың ауласында спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде кіші футбол, волейбол, StreetWorkout алаңшалары орналасатын болады деп күтілуде.
Бұл Ақбастау ауылының тұрғындары үшін зор қуаныш деп білемін.
Мұртаза Жалғас, Жуалы ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.