Ақ халатты абзал жандарға алғыс білдірді

340

Әлемді дүрліктірген пандемия кезінде дәрігерлерге көп салмақ түсті. Олар келген қиындыққа төтеп беріп, аурумен бетпебет күресті. Өмір мен өлім арасында жатқан науқастардың жүрегіне үміт ұялатып, барлық ем-домды жасады. Нәтижесінде бүгінде індет бәсеңдеп, көптеген науқас арамызға қайта қосылуда. Денсаулығы сыр беріп, ақ халаттылардың көмегіне мұқтаж болған осындай жанның бірі Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан А. Тәжібаев.

«Басы ауырып, балтыры сыздағанда» медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген ол жазылып шыққан соң олардың қамқорлығын ұмытпай, алғысын ерекше жеткізді. Ол ауыр дерттен құлан-таза айығып кетуіне үлкен септігін тигізген мекеменің медицина бөлімінің бастығы Гүлшат Медетбековаға және бөлімнің медбикелеріне деген ақжарма тілегін ақ қағаз бетіне түсіріп, жеке табыстады. Сондай-ақ, дендеген дертпен күресте алдыңғы шептен табылатын мамандардың қызметін көркем суретте бейнелеп, дәрігерлерге тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.