Осы аптаның соңында өмірін денсаулық сақтау саласына арнаған жандар өзінің кәсіби мерекелерін атап өтпек. Осыған орай, бүгін ауданымыздағы медицина қызметкерлерімен кездесіп, сала мамандары мен ардагерлерге құрмет көрсетіп, төл мерекелерімен құттықтап, ақжарма тілегімізді жеткіздік.
Өздеріңіз жақсы білетіндей, медицина аса маңызды әрі мәртебелі мамандық. Өйткені, ақ желеңді абзал жандар халық денсаулығын жақсарту жолында тер төгіп, адам өмірін ажалдан арашалауда кәсіби қырағылық танытып келеді. Сондықтан, сіздерге халықтың айтар алғысы ерекше.
Бүгінгі басқосу барысында денсаулық сақтау ісіне елеулі үлес қосқан ардагерлер «Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін алса, олардың ізбасарларына Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарды табыс еттік. Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әбенов те бірқатар мамандарға ауданның Құрмет грамотасын тапсырды.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі