Air Astana ұшағы әуежайға қайтып оралды

46
Air Astana ұшағы әуежайға қайтып оралды
istockphoto.com
Air Astana ұшағы әуежайға қайтып оралды: 26 желтоқсан 2025, жаңалықтар Turkystan.kz

26 желтоқсанда Фукуок – Алматы бағыты бойынша КС 162 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық себепке байланысты ұшып шыққан әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе кемесі барлық дәретханалардың істен шығуына байланысты қайта қонған.

«Әуе кемесі 10:04-те ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша 14:14-те сәтті қонды. Қазіргі уақытта ақауды жою жұмыстары жүргізілуде. Рейстің ұшуы 27 желтоқсанға, жергілікті уақыт бойынша 04:00-ге шегерілді», – деп мәлімдеді Air Astana.

Жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар ұсынылды, сондай-ақ әуе компаниясы трансфер мен қонақүйге орналастыруды ұйымдастырып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.