Фото: max-sky.livejournal.com
Air Astanaның хабарлауынша, қалың қар мен төмен көрсеткіш ұшақтарды мұз қатуға қарсы өңдеуге мүмкіндік бермеген.
«Әуе кемелерiне жердегi қызмет көрсету мен мұз қатуға қарсы өңдеу қызметiне қосымша жүктеме туындағандықтан, Алматыға ұшып келетін және ұшып кететін рейстер кешіктірілді және тоқтатылды. Барлығы 38 рейс кешіктіріліп, 10 рейс тоқтатылды. Әуе компаниясының халықаралық стандарттарға және Қазақстан жерінде әуе кемелерін мұздан тазарту ережелеріне негізделген әуе кемелерін мұздан тазартудың нақты стандарттары мен процедуралары бар. Әуе компаниясы осы стандарттарды қатаң сақтай отырып, ұшу қауіпсіздігіне қатысты тәуекелдерді азайтуға тырысады», — деп жауап берді.
Еске салайық, бұған дейін «Air Astana» әуе компаниясы Алматыдан Астанаға ұшатын рейсті кейінге қалдырып, алайда жолаушыларға ұшатын уақытын хабарламағаны туралы жазған едік. Кейіннен “Air Astana” әуе компаниясы орын алған қолайсыздық үшін кешірім сұрап, жүйеде ақау болғанын мәлімдеді. Жолаушыларға SMS-хабарлама жолданып жатқанын хабарлады.
Сондай-ақ компания жолаушылардан авиабилеттерді қайтару және қайта брондау мәселелері бойынша сатып алынған жері бойынша хабарласуды сұрады.
https://stan.kz/air-astana-14-nauriz-kuni-reysterdin-ne-sebepti-keshikt-397077/