АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

192

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің қатысуымен Шу аудандық қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Аудандағы ағын суға қатысты мәселелер талқыланған басқосуға «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының директоры Ерлан Өтегенов, «Шу-Талас» бассейндік инспекциясының басшысы Гүлмира Имашева және аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, Тасөткел су қоймасының бүгінгі жағдайы, суландыру жүйелерінің ағымдағы жылғы вегетациялық кезеңіне дайындық жұмыстары мен өзге де мәселелер жан-жақты талқыланды. Нақтырақ айтқанда, су қоймасындағы нақты су көлемін анықтау, кеңестік кезеңде бұзылып кеткен 85 су ұңғымаларын қайта қалпына келтіру сынды түйіткілдер айтылып, оның шешілу жолдары ұсынылды.
Бұдан бөлек, ауданда су мұраптарының жетіспеушілігі, техника тапшылығы, каналдардың тозуына қатысты мәселелер көтерілді.
Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек жоғарыда аталған түйіткілдердің барлығы облыс әкімінің тікелей бақылауында екендігін жеткізіп, кеңес отырысында айтылған мәселелер бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.