АГРОСАЛАДА 8 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

104
Аймақта 2025 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 322,6 млрд. теңгені құрайтын 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Олардың негізгі бағыттары сүт тауарлы фермалары, көкөніс сақтау қоймалары, бордақылау алаңдары, құс фабрикалары мен қант зауытын салу және кеңейту, сондай-ақ жаңбырлатып суару технологияларын енгізу, сүт өнімдері мен картоп өнімін қайта өңдеу болып табылады.
Осының аясында биылғы жылы облыста жалпы құны 19,2 млрд. теңгені құрайтын 16 жобаны жүзеге асырып, 324 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
Бүгінгі күні 8 жоба Жуалы, Қордай, Меркі, Шу аудандары мен Тараз қаласында жүзеге асырылды. Құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын бұл жобалардың 3 көкөніс сақтау қоймасы, 1 кондитерлік цех, 1 сүтті қайта өңдеу цехы, 1 құс фермасы және 2 су үнемдеу технологиялары. Мұнда 121 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Айта кету керек, өткен жылы 19,2 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жоба іске асырылып, 595 жаңа жұмыс орны ашылған болатын.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.