«Агроөнеркәсіптік кешендегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер» тақырыбындағы конференция өтті
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Азаматтық бақылау» жобасын іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберiнде «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қоры Агроөнеркәсіп саласының өкілдері, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандары, шаруақожалық басшылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерінің қатысуымен «Агроөнеркәсіптік кешендегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М.Нәлібаев және мекеме қызметкерлері облыстағы сала сала бойынша жемқорлық деңгейі туралы апаратты айта өтіп, қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайда заңға сәйкес жазану деңгейі туралы түсініктеме беріп өтті. Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлықты алдын-алу профилактикалық жұмыстарының жүргізілу барысы туралы мекеме қызметкерлері баяндап өтті.
Іс-шара барысында департаменттің арнайы дайындаған бейне ролигінің көрсетілімі жүргізілді.
Бірқатар конференцияға қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу болйынша өздерінің баянбамаларын оқып, ұсыныстарымен бөлісті.