Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген бағдарламаны іске асырудың маңыздылығы ең алдымен, халықтың табысын арттыруға, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамытумен ұштасқан нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталғанын. Ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындарының табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, жұмыс орындарын құру, өз өнімдерін шығару. Мұнда ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жоба сапалы іске асырылуда. Жамбыл облысында іске қосылған жоба өзінің тиімділігін көрсетті. Ауыл табысын арттыру жобасы Жайылма ауылдық округінде жалғасын табуда. Өз кәсібін ашқысы келетіндер осы бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаланып жатыр. Олар өз кәсібін аша отырып, басқа да ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын құратын болады.
Тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған пилоттық жобасы жалпы өңір халқының арасында кең қолдауға ие болып отыр. Ауданымызда жобаға енген Жайылма ауылында пилоттық жобаға қатысып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалар баршылық.
Жайылма ауылдық округ әкімі аппаратының мәліметінше жоба аясында біршама жұмыстар атқарылып жатыр екен. Ауыл табысын арттыру жобасы Жайылма ауылдық округі таңдалған. Жоба бойынша жалпы 925,9 млн. теңгеге 164 жобаны іске асыру жоспарланды. Оның ішінде: — І бағыт. Үй іргесінде егістік жерлерді игеру – 4,2 млн. теңге (айналым қаражатын толықтыруға). -ІІ бағыт. Ауладағы мал шаруашылығын дамыту үшін 155 жоба (2127 бас мал басын сатып алуға) – 730,2 млн. теңге.
-ІІІ бағыт. Ауыл сыртындағы егістік жерлерді игеру — 23,8 млн. теңге (кооперативтің өз қаражаты есебінен).
-ІV бағыт. Құрылған кооперативті жабдықтауға – 21 дана ауыл шаруашылық техникасы 135,9 млн. теңге.
-V бағыт. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға 7 жоба – 40,6 млн. теңге.
Бүгінгі күнге 1,3 млрд. теңгеге 190 өтінім (116%) «Тараз» ӘКК-на тапсырылды.
І бағыт бойынша үй іргесінде егістік жерлерді игеру бойынша нәтиже төмендегідей. Жобаға дейін 328 аула егістік жер игерілсе, жобадан кейін 514 аула (56,7% артқан) егістік жерді игеретін болады. Игерілетін егістік алқап 20,2 гектардан 24 гектарға жетеді. Нәтижесінде жалпы алынатын өнім 524,6 тоннаны құрайды (жобаға дейін 207,0 тонна, 2,5 есеге артқан). Жобадан кейін бір отбасының жылдық табыс көлемі 76,3 мыңға жетеді. Құрылған кооперативтің ауыл тұрғындарының үй іргесіндегі егістік жерлерін игеруге 4,0 млн. теңгеге өтінім тапсырылып, 3,6 млн. теңге несие алынды. 121 аулада 1000 түп алма ағашы отырғызылды.
Ал, ІІ бағыт бойынша ауладағы мал шаруашылығын дамыту бойынша нәтиже. Жобаға дейін 492 аула мал шаруашылығымен айналысса, жобадан кейін 514 аула (4,5% артқан) болады. Бүгінгі күнге жалпы ауладағы мал басының саны 10 101-тен 12 228 басқа (сатып алынатыны 2 127 бас) жетеді деп күтілуде. Жобадан кейін бір отбасының жылдық табыс көлемі 945 мыңға (4,0 есе) артады. 2 бағыт бойынша 1,1 млрд. теңге 182 өтінім (168%) (жалпы – 3823 бас, (о.і. 268 бас түйе, 1225 бас МІҚ, 18 бас бұқа, 1776 бас қой-ешкі, 746 бас жылқы) «Тараз» ӘКК-на тапсырылған.
Жалпы өтінім құжаттарының ішінде 142 құжат (81 құжат бойынша (304,6 млн. тг) несие берілді, 8 құжат бойынша (40,9 млн. тг) кепілді тіркеу келісім-шарты жасалды, 53 құжат түзетілуде) мақұлданған. 46 құжат «Тараз» ӘКК-да қаралуда (17 құжат аймақтық менеджерде, 13 құжат комплаенс қызметінде, 14 құжат қаралуда, 2 құжат кепіл қызметінде қаралу үстінде).20 кәсіпкер 6 ауданнан 433 бас мал сатып әкелді. Оның ішінде 97 бас МІҚ , 264 бас уақ мал, 65 бас жылқы, 7 бас түйе.
Сонымен қатар, Жайылма ауылдық округінде атаулы әлеуметтік көмек алатын 12 отбасы бар. Сол он екі отбасының ішінде 3 отбасы несие алуға құжат тапсырып, өтінімдері қаралу үстінде екен. Қалған 9 отбасы несие алудан түрлі себептермен бас тартқан. Бұдан бөлек 46 өтінім «Тараз» ӘКК тарапынан қайтарылды.
Сонымен қатар, «Тараз» ӘКК тарапынан жарамсыз деп қайтарылған құжаттар саны – 45 (14 мекен жайы дұрыс емес, 31 несие тарихы бұзылған).
ІІІ бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ауыл сыртындағы егістік жерлерді игеру бойынша нәтиже. Пилоттық жоба құрылған кооперативке (мүше саны — 6 азамат) 248,3 га егістік, 18,9 га жайылым (барлығы 267,2 га) жері бар. Егістік жер 558 гектарға жеткізілетін болады. Бұл бағытта кооператив 23,8 млн. теңгеге өз қаражаты есебінен 45 тонна тұқым, 20 тонна тыңайтқыш, 35 тонна жанар-жағар май алады. Бүгінгі таңда 100 гектардан астам жер жыртылды. Арпа тұқымын себуге дайындалуда.
Ауылдағы 12 ұсақ шаруа қожалықтары кооперативпен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдіруде. Нәтижесінде қосымша 300 гектар егістік, 464 гектар шабындық, 10 468 гектар жайылымдық жер кооператив құрамына біріктірілетін болады.
Пай үлестері туралы
Жайылма ауылдық округіндегі 126 жер пайдаланушы (ШҚ, ЖШС, АШК, Ө/К) тіркелген. 126 шаруа қожалығына тиесілі 94,6 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері (4,0 мың егістік, 87,6 мың жайылым және 3,9 мың шабындық) бар. Жер қатынастары басқармасының ақпаратына сәйкес 431 азаматқа тиесілі 53,6 мың гектар (51,1 мың гектар жайылым, 2,5 мың гектар егістік) жерде пай үлестері бар.
Жайылма ауылдық окру-гіндегі пай үлестері бар азаматтардың тізімі алынып, несие алуға өтінім берген азаматтармен салыстырылды. Нәтижесінде 431 адамның ішінде 4 азаматта пайлық үлесі бар екендігі анықталды.
Төртінші бағыт бойынша.
Құрылған кооперативті жабдықтауға 21 дана ауыл шаруашылығы техникасын (4 дана трактор, 1 дана прицепті комбайн және 16 дана қосалқы құрылғысымен, жалпы техниканың сомасы 135,9 млн. теңге) алу жоспарланды.
Бүгінгі күнге «МҚҰ-Тараз» ұйымы арқылы 140,8 млн. теңгеге 20 дана ауыл шаруашылық техникалары алынуда.
Бүгінгі таңда кооператив 3 трактор және 3 қосалқы агрегаттар (тырма, соқа, дән сепкіш) алды. Алдағы уақытта прицепті комбайн, опрыскиватель, соқа, 2 дана тіркеме, шөп шапқыш (косилка), кун, тағы да басқа қосалқы құрылғылар келуі тиіс.
Осы бағдарламаға қатысып, қазіргі таңда өз жұмысын атқарып жатқан Н.Оспанов :
— Ауылымызда несие беріліп, ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту пилоттық жобасы жүруде. Мен де осы жобаға қатыстым. Кооператив құрып, 3 трактор және 3 қосалқы агрегаттар тырма, соқа, дән сепкіш алынды. Алдағы уақытта прицепті комбайн, соқа, 2 дана тіркеме, шөп шапқыш (косилка), КУН, тағы да басқа жабдықтар келуі тиіс. Қазіргі таңда бұл техникалармен ауыл тұрғындарының жерлерін қопсытып, дәнді–дақылдар егіп жатырмыз. Алдағы уақытта ауылымыздың көркеюіне атсалысамыз,-деді.
Ал бесінші бағыт бойынша тұрғындардың өз кәсібін ашуға (кәсіпкерлік жобалар) 7 азамат 40,8 млн. теңге болатын жобаларды іске асыру көзделген.
Өз кәсібін бастауға бүгінгі күнге 18,9 млн. теңге 4 өтінім «Тараз» ӘКК-на өткізіліп, қаралу үстінде (1 құжат аймақтық менеджерде, 3 құжаттар қаралуда).
Ауылдық округте жеке кәсіпкерлер саны 63-тен 266- ге (4,2 есе) артты. Тиісінше жұмыссыздар саны 31 азаматтан 12 азаматқа (2,6 есе) азайып, қосымша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны едәуір артты. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 12 отбасыдан 6 отбасыға (2 есе) азайған.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жобалар мен бағдарламаларды дамытуға баса мән берілген. Бұл бағдарламалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауылдық округтің әлеуетін арттыруға өз септігін тигізері анық. Әлеуметтік жағынан гүлдене түсіп келе жатқан Жайылма ауылдық округінің экономикалық жағынан да сауығып, берекелі өңірге айналатындығына еш күмән жоқ.