Ағаш отырғызу-игі іс

163

«Істің басы – ниет». Ниет болса, тақыр жерді де гүлдендіруге болады деген қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды игі істердің бірі.    Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз.

Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлестерін қосқан “AMANAT” партиясы  аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева бастаған аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері Асылбек Жантаев, Гульсун Ешеева, Алтынбек Жамишжанов, Жеңіс Нұрбаев, Гүльбахрам Ермекова, Құралай Үкібаева, Мырзағали Мәдімаров, Бекен Әбітаев, Азамат Болатбеков,  Елнұрбек Ермеков, Ерлан Рыскелдіұлы “TazaLike” партиялық жобасы аясындағы “Amanat-жасыл аула” акциясын өткізді.

Акция аясында партия ғимаратының аула аумағын тазартып, абаттандырып, жасыл желектер отырғызып, шырайын әрлендіре түсуге белсене өз үлестерін қосты. Тұрғылықты жеріміздің тал-терегін жайқалтып, гүлмен көмкерілген баққа айналдырып, ауылымыздың ажарлы болуына үлес қосу кімнің болса да азаматтық парызы.

 

«Ауыл жаңалығы» — ақпарат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.