Әдіскерлерге арналған екінші республикалық форум басталды

56

Әдіскерлерге арналған екінші республикалық форум басталды

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы және Астана қаласының әдістемелік орталығы ұйымдастырумен «Әдістемелік орталықтардың трансформациясы: қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы даму бағыты мен стратегиялық рөлі» тақырыбында әдіскерлердің II республикалық форумы басталды.

Форумның мақсаты – әдістемелік орталықтардың қызметін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелерді талқылау және әдістемелік жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары, әдістемелік орталықтар (кабинеттер), білім беру саласының сарапшылары,  қазақстанның барлық өңірлерінен 60-қа жуық педагог-әдіскерлер қатысып жатыр.

Форумның алғашқы пленарлық сессиясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуы туралы негізгі статистикалық деректерді ұсынды. Сондай-ақ, елде жекелеген өңірлер бойынша білім беру сапасының көрсеткіштері туралы хабардар етті.

Форумның жалғасында “Білім-Инновация” халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Ержан Әубәкіров сөз сөйлеп, өңірлерде білім беру сапасын арттыруға бағытталған жекелеген жобалардың іске асыру туралы айтты.
Ол бұл бастамалар халықаралық жергілікті жағдайларға бейімделген және басқа өңірлерде қамту үшін әлеуеті бар табысты қазақстандық әзірлемелер екенін атап өтті.

Ыбырай Алтынсарин ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева да осындай бастамалардың маңыздылығына түсініктеме берді.
Сондай-ақ, форум аясында Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының басшысы Сындар Дауешова  Астана қаласы Әдістемелік орталығы жүзеге асырып жатқан жаңашыл жобаларды, олардың  білім беру саласына әкеліп жатқан оң өзгерістері туралы, сондай-ақ озық елдердің  білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасу барысында енгізілген барлық жаңашыл бағыттарға  құндылықтар тұрғысынан саралап, ұлттық мазмұнға лайықтап енгізу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін нақты деректермен дәйектеп көрсетті.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Қаратабанов Руслан Әділханұлы   Білім беру стандартына енгізілген өзгерістер, әдістемелік нұсқаулықтар жайлы мәселелерге егжей-текжейлі тоқталды.

Айта кету керек, ІІ республикалық әдіскерлер форуымы 28-30 қараша аралығында өтеді.

фото:https://turkystan.kz/article/252640-diskerlerge-arnalgan-ekinshi-respublikalyk-forum-bastaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.