Адамның күлімсірегені көп нәрсені білдіреді

105

Бүгінде әлемде стресс жағдайы көбейген уақытта шынайы күлімдеудің маңызы зор. Өйткені осы әрекетпен де жан-жағыңа бақыт сыйлауға болады.

Адамдың күлімсірегеніне қарап, ол туралы біраз дүниені біле аласыз. Мамандардың айтуынша, шынайы күлу адамның өзіне деген сенімділігін көрсетеді. Егер сенімді түрде күле алсаңыз, бұл өз теріңізде өзіңізді жайлы сезінетіңізді және өзіңізді оң бағалайтыныңызды білдіреді. Бұл қасиет көбіне қиындықты тез жеңе алатын адамдарда болады екен.

Жалпы, күлімдеу адамға жылулық сыйлайды. Сонымен қатар бұл адамның басқалармен достық қарым-қатынасқа ашық екенін көрсетуі мүмкін. Тартымды күлімсіреген адамдар, әдетте қонақжай болады әрі адамдармен тез тіл табысады.

Адамның күлімсіреген жүзі оның оптимистік көзқарасынан хабар беруі мүмкін. Жиі күлімсіреп жүретін адамдар, тіпті қиын жағдайларда да бұл әдетін тастамайтындар көбіне жақсы мінез-құлыққа ие. Олар өмірдегі қиындықтардан да жағымды дүние іздейді. Ал олардың бұл әдеті айналасындағылардың көңіл күйін көтереді.

Адам күлімдеген бейнесі мейірімділі мен жанашырлығынан хабар беруі мүмкін. Шынайы күлу адамның өзгеге жанашыр, қамқор және мұқият екенін көрсетеді. Сонымен қатар басқалардың амандығын бірінші орынға қояды және қажет кезде көмек қолын созуға дайын. Мұнымен қоса шынайы күлімсіреу адамның мінезінің де шынайы екенін аша түседі. Мәселен, ондай адамдар эмоциясын білдіруден қорықпайды әрі өзіне сенімді келеді. Шынайы күлкі адамның адал ниетінен де хабар береді.

Адамның күлкісіне қарап, ол туралы толық баға беруге болмас. Дегенмен оның болмысы туралы біраз дүниені білуге болады.

 

 

https://turkystan.kz/article/227272-adamnyn-

Дереккөз: Times Of Indiakulimsiregeni-kop-nerseni-bildiredi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.