Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні кешкі сағат 21.35 басталған қатты жел (боран) жалғасуда, желдің жылдамдығы 14 м/с, екпіні 18 м/с болып тұр. Қатты жел салдарынан жолды көру деңгейі нашарлап, автокөліктің жүру мүмкіндігі шектелді. Сол себептен, Тараз — Қаратау — Жаңатас бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолы жабылып, аудан тұрғындарының жолға шығуына шектеу қойылды.
10 — шы және 11 — ші ақпан күндері тәулік бойы Тараз — Қаратау — Жаңатас автомобиль жолы қадағалауға алынып, оның Тараз — Қаратау бөлігінде жергілікті атқарушы орган тарапынан төтенше жағдай және ішкі істер органдарымен жолда қалған адамдарды құтқару бағытында бірлескен жұмыстар атқарылуда. Тәулік бойы жолда қалған барлығы 69 адамға қажетті көмектер көрсетіліп, жол талғамайтын арнайы «УРАЛ» автокөлігімен Қаратау және Тараз қалаларына жеткізілді. Келтірілген қолайсыздықтарды реттеуге 10-ға жуық техникалар жұмылдырылды.
Қаратау қаласындағы «Игілік» ШЖҚ КМК — ның жарығы өшіп — жану фактілері орын алуда. Осыған орай, аудандық электр жүйесі тарапынан басқа желіге ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Сол сияқты Көктал және Тамды су қабылдағыштарда (водозобор) сағат 10.00 де жарықтың өшуіне байланысты Қаратау қаласына ауыз су беру тоқтатылған болатын. Аталған мәселені қайта қалпына келтіру шаралары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта «Игілік» көпсалалы кәсіпорын мекемесінің қазандығын техникалық сумен қамтамасыз ететін Апатты сорғы станциясындағы (АНС) ахауларды қалпына келтіру арқылы қазандық іске қосылып, Қаратау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады. Жағдайды бақылауда ұстап, қадағалаушы 2 бригада тұрақты жұмыс істеп тұр.
Талас ауданы әкімдігі