Үндістан астанасы Нью-Делиде 26 наурызға дейін жалғасатын бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды деп хабарлады turkystan.kz.
Prosports.kz сайтының мәліметінше, алғаш болып шаршы алаңға шыққан Жазира Орақбаева (52 келі) қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетсек, отандасымыз тайвандық боксшы қыз Чиа-Хсунь Чанмен жұдырықтасты.