Мамандар 22 жастағы Сұлтан Зәуірбекті Геннадий Головкинмен теңеді

776

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбектің промоутері, MTK Global менеджерлік компаниясының халықаралық консультанты Майк Альтамура оны Геннадий Головкинге теңеді.

«Меніңше, ол соңғы айқасында тамаша өнер көрсетті. Тамаша соққыларымен қарсыласының қорғанысын жиі аша білді. Бұл өзі мықты әрі жас боксшы. Сұлтан, Геннадий Головкинмен салыстырғанда, негізінен қарымта шабуылға иек арта отырып, оған қарағанда көбірек қимылдайды. Меніңше, ол жерлесінің жолын қууы мүмкін», — дейді маман.

Сенбіге қараған түні 22 жастағы Сұлтан Зәуірбек (2-0-0) Монте-Карлода өткен бокс кешінде өзінен екі жас үлкен никарагуалық Эдвин Теллесті (12-45-5, 6КО) үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.