Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Астана қаласының 20 жылдығына орай ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу, іс-шараларды ұйымдастырып өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында ауқымды жұмыстар атқарды.
Атап айтқанда, Бурыл, Көптерек, Көктал ауылдық округтерінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласының 20-жылдығына орай дөңгелек үстел өткізілді.
Сонымен қатар, Байзақ, Дихан, Жаңатұрмыс, Сазтерек, Темірбек ауылдық округтерінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласының 20-жылдығына орай кездесу ұымдастырылды.
Шара аясында, сондай-ақ, Сарыкемер ауылдық округінде «Асқақтай бер, Астана!» атты жастар арасында 100 адамнан кем емес аудиторияда акция өткізіліп, Қызыл Жұлдыз ауылдық округінде Астана күніне орай флешмоб және Ынтымақ ауылдық округінде акция өтті.