Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.
Бақытжан Әбдірұлы сапарын Тараз қаласындағы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысудан бастады.
Сүт өнімдерін шығарумен айналысатын 2007 жылы құрылған кәсіпорын ағымдағы жылы қайта кеңейтіліп құрылып, модернизацияланған. Италияның «FRAU IMPLANTI» компаниясының жаңа үлгідегі автоматтандырылған желідегі құрал-жабдықтарымен жасақталған. Жоба құны – 1,6 млрд. теңге. Кәсіпорын жетекшісі Әбдіғали Бегімбетов тәулігіне 80 тонна сүт өңдеуге қауқарлы екендіктерін жеткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі