1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА ТАЛАП! ҮЙІҢІЗДІҢ АЛДЫНДАҒЫ 5 МЕТР ҮШІН ДЕ ЖАУАП БЕРЕСІЗ! Жаңалықтар On Июл 27, 2026 74 Бөлісу 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда абаттандыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді жеке үй мен коммерциялық нысан иелері өз аумағымен қатар, үйінен 5 метрге дейінгі аумақтың тазалығына да жауапты. Нені білу маңызды? 5 метрлік іргелес аумақты таза ұстау міндетті; Қоқыс, арамшөп, қар мен мұзды уақытылы тазалау қажет; Құрылыс қалдықтарын тек арнайы орындарға шығару керек; Үйдің нөмірі көрініп тұруы, қоршау мен қасбет күтіп ұсталуы тиіс. Ережені бұзған жағдайда: Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл; Ортақ аумақты ластағаны үшін – 10 АЕК немесе қоғамдық жұмыс; Қайталанса, жаза күшейтіледі. Ең маңыздысы: Егер үйіңіздің алдындағы 5 метрлік аумаққа қоқысты басқа адам тастап кетсе де, оны тазалау міндеті меншік иесіне жүктеледі. Тазалық – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз! Өз ауламызды ғана емес, айналамызды да таза ұстайық! Жамбыл Ақпарат 74 Бөлісу