Қостанай тұрғындарын алдап, 30 млн теңге алған әйелге сот үкімі шықты

68

istockphoto.com
Қостанай қаласының №2 соты аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған әйелге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Қылмыстық әрекет салдарынан 8 адам зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын көлемі 30 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы Ә. бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін айыпталған. Ол делдалдық қызмет көрсетемін деп, азаматтарға жылжымайтын мүлікті төмен бағамен сатып алуға көмектесуге уәде берген.

Сот анықтағандай, 2022 жылғы сәуірден 2024 жылғы қыркүйекке дейінгі аралықта әйел өз әрекеттерін азаматтық-құқықтық мәмілелер ретінде көрсетіп, адамдарды жаңылыстырған. Соның салдарынан 8 жәбірленушіге ірі көлемде материалдық залал келтірілген.

Сот айыпталушының кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді.

Нәтижесінде сот оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда рақымшылық туралы заңды қолдану арқылы жаза мерзімі 2 жыл 8 айға дейін қысқартылды. Сонымен қатар, сот оның кәмелетке толмаған баласының болуын ескеріп, жазаны өтеуді 5 жылға кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/283382-qostanai-turgyndaryn-aldap-30-mln-tenge-algan-aielge-sot-ukimi-syqty

Leave A Reply

Your email address will not be published.