БЖЗҚ жеткіліктілік шектерінің жаңа мөлшерін 3 жұмыс күні ішінде жариялауы қажет.
Күні кеше «Отбасы банк» 5 маусымнан бастап зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектері ұлғаятынын айтып, салымшыларға маңызды үндеу жасады.
«Егер сіз зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануды жоспарласаңыз, өтінім беруді кейінге қалдырмауға кеңес береміз. Өтінімді бүгін қолданыстағы шарттар бойынша рәсімдеп, қол қойып, жіберіп үлгеріңіз», – делінген бейсенбі күні жарияланған хабарламада.
2026 жылғы 4 маусымды қоса алғанда берілген өтінімдерге бұрын қолданыста болған жеткіліктілік шегі қолданылады.
Айта кету керек, бұған дейін зейнетақы жинағының жеткілікті шегі қалай өзгеретіні таяуда белгілі болатынын жазғанбыз. Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін есептеу әдістемесі өзгерді.
Фото: baq.kz
inbusiness.kz сайты.