Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

48
🏛️ Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс 40-сессиясына қатысты.
✅ Жиын барысында әуелі «Көне Тараз – ел бірлігі мен басқару дәстүрінің бесігі» атты республикалық семинар-кеңестің жоғары деңгейде өтуіне айрықша үлес қосқаны үшін шаһар басшысы Бақытжан Әмірбекұлы мен өзге де азаматтар қалалық мәслихаттың Алғыс хатымен марапатталды.
✅ Әрі қарай сессияның күн тәртібіндегі мәселелерге кезек берілді. Атап айтқанда, Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» №35-3 шешіміне өзгерістер енгізу, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу, Тараз қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту және «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
📌 Сессияны қорытындылаған қала әкімі шаһарды дамыту бағытындағы жоба-жоспарларды депуттармен бірлесе жүзеге асыруға әрдайым екенін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.