ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ТУРНИР ӨТТІ

113
Жамбыл облысында 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай көру қабілеті зақымданған азаматтар арасында голболдан турнир ұйымдастырылды.✅
🔷Аталған іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың бастамасымен «Инклюзивті Ассамблея» жобасы аясында өтті.
🔷Турнир дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты жекпе-жек спорт клубында ұйымдастырылып, оған Жамбыл облыстық «Қазақ зағиптар қоғамының» мүшелері мен №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының оқушылары қатысты.
🔷Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, қатысушыларға сәттілік тілеген Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының басшысы Нұржан Жолдасбеков, «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Дәурен Тайлеев және Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры Жанар Алшинбаева құттықтау сөз сөйледі.
🔷Жарыс қорытындысы бойынша жекпе-жек спорт клубының командасы І орын иеленіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Қазақ зағиптар қоғамының» мүшелері ІІ орынға, ал №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының оқушылары ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
🔷Іс-шара ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдауға және олардың қоғам өміріне белсенді қатысуына ықпал ететін маңызды бастамалардың бірі болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.