Жаңашылдық – жаңа ғасырдың қажеттілігі

114
Қаратау қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияда «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы өтіп, оған аудан мектептерінің педагогтері қатыстырылды.
Үлгілік оқу бағдарла­масына сәйкес «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пән­­дері сабақтарында оқу про­­цесін жобалауда зама­­науи әдістерді, цифр­лық тех­нологиялар мен жа­сан­­ды интеллект құрал­дарын қолдану арқылы педа­гогтердің кәсіби құзырет­терін дамытуға бағытталған білік­тілікті арттыру курсын «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Жам­был облысы бойынша Кәсіби даму институты өткізді.
Педагогтердің біліктілігін арттыруға бағытталған курс барысында пән мұғалімдері қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда заманауи әдістерді, цифрлық ресурстарды және жасанды интеллект құралдарын қолдануды, оқушылардың оқу сауаттылығын, комму­ни­кативтік құзырет­тілікте­рін дамытуға бағыттал­ған зерттеу және жобалық жұмыстарын ұйымдас­тыру­ды, инклюзивті және құндылыққа бағытталған тәсілдерді білім беру проце­сін­де қолдануды меңгерді.
Дәрісті жүргізген «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Гүлхан Аманова қазіргі таңдағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдерді меңгертті. Аталған үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері сабақтарында оқу процесін жобалауда заманауи әдістерді, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану, зерттеушілік қызметті ұйымдастыру, тілдік дағдылары және функ­ционалдық сауаттылықты қалыптастыру, құндылық­қа бағытталған және инклю­зивті оқытудың тәсіл­дерін енгізу арқылы оқы­тудың жаңа тәсілдерін көрсетті.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған оқыту курсы ұстаздардың кәсіби дамуына тың серпін берді. Шара барысында заманауи оқыту әдістері мен тиімді педагогикалық тәсілдер кеңінен талқыланып, қатысушылар тәжірибе алмасу арқылы білімдерін жетілдірді. Мұндай шаралар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін артты­рып қана қоймай, білім сапасының жақсаруына да оң ықпал етеді.
Гүлнұр Құрманбекова,
Ә.Сағынтаев атындағы орта
мектептің мұғалімі.
Үшарал ауылы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.