42 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады

29
Таразда 2026 жылдың жоспарына сәйкес ұзындығы 34,7 шақырымды құрайтын 42 көшеге, ұзындығы 14,8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ, Рысбек батыр, Қолбасшы Қойгелді, А.Асқаров көшелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
🔹2023-2025 жылдары қалада 279,5 шақырымды құрайтын 474 көшеге асфальт төселіп, ауқымды жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары «Құмшағал», «Шөлдала» тұрғын алқаптарындағы және 28 саяжайдағы 320 көшеге қиыршық тас жол салынды.
✅ Көптен бері өзекті мәселе болып келген «Бурыл А,Б,В» алқабындағы 75 көшеге және «Барысхан» тұрғын алқабында 24 көшеге асфальт жабындысы төселіп, жұмыстар толығымен аяқталды.
✅ Аталған жұмыстардың нәтижесінде соңғы 3 жылда қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 58,4 пайыздан 71,5 пайызға дейін артты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.