«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

31
🔰Жасыл ел еңбек жасағы — бойында қызуы басылмаған, еңбекке ұмтылған жастардың алаңы, жұмыстың алғашқы баспалдағы. Бірлікке, ұйымшылдыққа жеткізетін еңбек науқанының жастарға берері мол. Жастар осы арқылы жұмысқа деген жауапкершілікті сезінеді, әрі жаңа орта қалыптастырады. Жасыл ел еңбек жасағының негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға шақыру болып табылады.
🔰Осы орайда, бүгін «Жасыл ел» еңбек жасағы жаңа маусымының ашылу салтанаты өтті. Шараның ашылуына аудан әкімі Сәкен Мамытов пен аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек қатысты. Аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы құттықтау сөз сөйлеп, маусымдық жұмыстың жастардың еңбекке араласуда мол тәжірибе беретінін атап өтті. Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек те жастарға арналған мемлекеттік қолдаулардың мол екенін айтып, жаңа маусымда сәттілік тіледі. Еліміз үшін маңызды оқиға саналған жалпыхалықтық референдумға белсене атсалысқан бірқатар жастар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
🔰Айта кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасына биыл 22 жыл толып отыр. Сәуір — мамыр айларында іске асатын маусымдық жұмысқа 50 жауынгер тартылады. Жасыл ел табысты және ауқымды әлеуметтік жоба, жастарды еңбекке баулудың өте маңызды құралы. Бұл жастар үшін үлкен қолдау. Аталмыш жобаға жұмыссыз жастар, NEET жастар мен білімгерлерді қамту көзделген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.