Сарысу ауданында өрт сөндіру пунктінің дайындығы тексерілді

60
Сарысу ауданында жергілікті атқарушы органдарға қарасты өрт сөндіру пункттерінің жағдайы мен олардың жедел қызметтік әзірлігі жоспарлы түрде тексерілуде. Осыған сәйкес, аудан аумағындағы Тоғызкент өрт сөндіру пунктінде арнайы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында өрт сөндіру техникасының жарамдылығы, байланыс құралдарының жұмыс істеу жағдайы, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі назарға алынды. Сонымен қатар, өрт кезінде әрекет ету алгоритмдері пысықталып, тәжірибелік жаттығулар ұйымдастырылды.
В Сарысуском районе проверена готовность пожарного поста
В Сарысуском районе на плановой основе проводится проверка состояния пожарных постов, находящихся в ведении местных исполнительных органов, а также их оперативно-служебной готовности. В соответствии с этим были проведены проверочные мероприятия в Тогызкентском опорном пункте пожаротушения района.
В ходе проверки особое внимание было уделено исправности пожарной техники, состоянию средств связи, а также боевой готовности личного состава. Кроме того, были отработаны алгоритмы действий при возникновении пожара и организованы практические занятия.

Leave A Reply

Your email address will not be published.