Тазалық жұмыстары жалғасуда

33
Тараз қаласында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
🔹 «Жасыл Ел – Тараз» мекемесінің күшімен күн сайын қалалық ортаны ретке келтіруге бағытталған кешенді шаралар атқарылуда.
🍃 Мекеме қызметкерлері көшелерді, тротуарларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, урналарды ретке келтіріп, қалдықтарды шығарады. Сонымен қатар, жасыл аймақтарға ерекше көңіл бөлінуде: ағаштар бұталып, қураған бұталар жиналып, маусымдық гүлдер отырғызылуда. Бұл өз кезегінде шаһардың көркін айтарлықтай жақсартуда.
💧 Бұдан бөлек, арық жүйелерін тазарту жұмыстары қатар жүргізілуде.
📌 Айта кетейік, аталған жұмыстар облыс орталығының барлық аудандарын қамтып, жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.