Фото: ФК ҚАЙРАТ
Дастан Сәтпаев ұлттық құрама ойындарына қатыспайтын болды: 22 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Ұлттық құраманың бапкерлер штабының шешімі бойынша Дастан Сәтпаевтың орнына Оралхан Өміртаев ұлттық құрама сапына қосылады. Бұл туралы бас бапкер Талған Байсуфиновтың мәлімдемесі құраманың Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.
Бас бапкердің айтуынша, Дастан Сәтпаевтың физикалық жай-күйіне қатысты «Челси» клубының медициналық штабы пікір білдіріп, оның әлі де қалпына келу керектігін айтқан. Сол себепті Сәтпаев ұлттық құрама сапында матчтарға әзірге қатыспайтыны туралы шешім шығарылған.
«Челси» клубының медициналық штабынан Дастан Сәтпаевтың қазіргі жағдайы мен наурыздағы халықаралық үзіліс кезінде толық қалпына келуі керек екені туралы ұсыныс алдық.
Қазақстан құрамасының медициналық штабымен бірге талқылап, жағдайды бағалағаннан кейін, ойыншыға толық қалпына келуге мүмкіндік беру туралы шешім қабылдадық.
Сәтпаевтың орнына Қазақстан құрамасына қазіргі таңда жақсы формада жүрген Оралхан Өміртаев шақырылды. Ол ұлттық құрама алдындағы міндеттерді орындауға дайын», – деді ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Астанада өтетін FIFA Series 2026 турнирінде бақ сынайды. Алғашқы ойын 25 наурызда «Астана Аренада» Намибияға қарсы өтеді. Матч 17:00-де басталады.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278529-dastan-satpaev-ulttyq-qurama-oiyndaryna-qatyspaityn-boldy